Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орал қаласында дәріханаларға қоғамдық бақылау жалғасуда!

2021 жылдың 6 қаңтар күні «Ақжайық - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері қоғам белсенділерімен бірлесіп Орал қаласындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында дәрі-дәрмектерді шекті бағадан көтеру және медициналық мақсаттағы дәрі-дәрмектерді лицензиясыз сату фактілері анықталған жоқ. Медициналық маскаларды 35 теңгеге сатып алуға болады.

Бүгінгі таңда Орал қаласындағы дәріханалар әдеттегідей жұмыс жасауда, ешқандай кезек жоқ.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

1
0
254

Осы тақырып бойынша

Орал қаласында дәріханаларға қоғамдық бақылау жалғасуда! - Yvision.kz