«АQJAIYQ»ӘКК» АҚ қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындылары қаралды
2021 жылғы 6 қаңтарда «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Самет қатысуымен Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген тақырыптық мониторинг қорытындылары қаралды.
Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бекітілген жоспардың орындалуы туралы «АQJAIYQ» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Н.Курумбаевтың есебі тыңдалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Н.Самет қабылданып жатырған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырыстарын ресми интернет-ресурста және әлеуметтік желілерде орналастыра отырып, бейнетіркеулерді жүргізуді ұсынды.
«АQJAIYQ» ӘКК» АҚ қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралардың орындалуы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бақылауында болады.
