Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтіліп, маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда.

Бүгінгі күні пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілік күшейтілді.

Соңғы 2 жылдың ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Батыс Қазақстан облысында пара беру және пара беруге итермелеудің 53 дерегі анықталды.

Қылмыстық жауапкершілікке 60 тұлға тартылып, 51 тұлға сотталды, оның ішінде 3 тұлғаны бас бостандығын айыру, 1 тұлға бостандығын шектеуге кесілді, қалғандарына айыппұл салынып, айыппұлдың көлемі 2 млн. теңгеге жуық соманы құрады.

Сонымен қатар, 9 тұлға ветеринариялық анықтамасыз ет сатуды кедергісіз жүзеге асыру үшін пара берген және 2 тұлға Орал қаласында пәтерлерді жеделдетілген түрде алу мақсатында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеген.

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы

Р.С.Ақмырзаев

1
0
250

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтіліп, маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда - Yvision.kz