Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшінің ары таза, адамгершілігі жоғары болуы керек

2021 жылдың 8 қаңтар күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында облыстық Ветеринария басқармасы ұжымымен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды.

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев, Әдеп жөніндегі уәкілі, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі А.Р.Хайруллина, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы С.Б.Нұрмағамбетов, басқарма және оған бағынысты ұйымдардың ұжымдары қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты - ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Өз кезегінде, Департамент басшысы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген өзгерістермен жіті таныстырып, жиынға қатысушыларды қоғамның әділ әрі белсенді азаматы болуға үндеді.

Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиында облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі Айман Хайруллина ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін түсіндірді.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

Сонымен қатар, Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
240

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшінің ары таза, адамгершілігі жоғары болуы керек - Yvision.kz