Агенттік Төрағасы «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысына оң бағасын берді
2021 жылдың 5 қаңтар күні «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің (бұдан әрі – Жобалық кеңсе) кураторы, облыс әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаев Агенттік Төрағасы А.Ж.Шпекбаев және республикалық қоғам өкілдері алдында өткен жылы жобалық кеңсемен атқарылып жатырған жұмыстар және үстіміздегі жылдағы жұмыс жоспарларының барысы туралы бейнеконференциясы байланысы арқылы баяндады.
Жобалық кеңсемен өткен жылы 50 мыңнан астам флаэрлер шығарылып, мекемелерге таратылды, «Есіктен есікке» қағидатын іске асыру үшін коммуналдық төлемдер түбіртектеріне «Жемқорлық 1424 Хабарлас» ақпараты орналастырылды,
Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған 200-ден астам баннерлер орналастырылып, аймақтағы ең ірі, халқы көп Ақсай қаласы, Ақжайық және Бәйтерек аудандарында да адалдыққа үндейтін муралдар салынды, және жергілікті атқарушы органдармен 40 астам бейнероликтер дайындалып, әлеуметтік желілер және жергілікті арналарда көрсетілді.
Агенттік Төрағасы А.Ж.Шпекбаев «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен атқарылып жатырған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да жұмыстарды одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтті.
Жобаның миссиясы – сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, парасаттылық қағидаттарын ілгерілету, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайту болып табылады.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
