Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды

2020 жылдың 24 желтоқсан күні «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесі (бұдан әрі – «PBI») мен «Кублей» ЖШС арасында консерві зауытын және ет өңдеу кешенін жүзеге асыру бойынша инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды.«PBI» жобасы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді. Жобаның негізгі бағыттары-құқықтық қорғау, бизнес-үрдістерді оңтайландыру, реттеушілікке ықпал ету, қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық.Бағдарламаға қатысу үшін тек қана инвестициялық жобадағы сыбайлас жемқорлықтан жүз пайыздық бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, инвесторларды «PBI»…

1
0
129

Жемқорлықты жоюда БАҚ пен ұйымдардың әлеуеті зор маңызға ие

2020 жылдың 23 желтоқсан күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында жыл бойына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға қосқан үлестері үшін қоғам белсенділері, мекемелер және бұқаралық ақпарат құралдары марапатталды.Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ә.Ө.Салиева, мемлекеттік органдар мен қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев өз сөзінде: «2020 жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласы маңызды оқиғаларға, әсіресе жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту және жаңа шектеулер енгізу сияқты заңнамалық жаңашылдықтарға толы болды. Басты мақсат қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын…

1
0
499

Жаңақала ауданында «Ашық әкімдік» ашылды

Жаңақала ауданына жұмыс сапары барысында Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев «Ашық әкімдік» форматындағы қызмет көрсету орталығының ашылуына қатысты.

Ашық әкімдіктің негізгі мақсаты – өңір тұрғындарына қолайлы жағдайларды қалыптастыру және әкімшілік кедергілерді мейлінше азайту болып табылады.

Р.С.Ақмырзаев өз кезегінде: ««Ашық әкімдік» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі тарапынан қолдау тапты. Сондықтанда, аталған жобаны облыстың барлық аудандарда ашу маңызды» - деп атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
339

Департамент басшысы жұмыс сапарыменЖаңақала ауданында болды

2020 жылдың 11 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Р.С.Ақмырзаев жұмыс сапарымен Жаңақала ауданына барды.Жұмыс сапары барысында Департамент басшысы ауданы активі және қоғам өкілдерімен кездесті.Шара барысында Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға және қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған заңнамалық бастамалар мен новеллаларға тоқталды.Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.Сонымен қатар, Департамент басшысы аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдау барысында «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы, деректер базасы интеграциясы, бұрын сыбайлас жемқорлыққа тартылған тұл…

1
0
248

2.0 Бизнесті қорғау басымдыққа ие («PBI – Protecting Business and Investments» жобасы аясында)

2020 жылғы 10 желтоқсанда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасын іске асыру шеңберінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевтың жұмыс сапары барысында «Пойма май Комбинаты» ЖШС директоры А. Сармалаевтің «КСО» АҚ тиесілі темір жолдарда вагондардың өтуіне тарифтерді көтеруге қатысты.келіп түскен өтініші бойынша кеңес өткізілді.Шараға БҚО бойынша СЖҚІҚД басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті бастығы А.Отаров, «Пойма май комбинаты» ЖШС заңгері С. Кайгородов, «Орал Жана құрылыс үй комбинаты ЖШС басшысы А.Молдагалиев, Орал Станция бастығы А.Башенов, «Қазақстан Темір жолы – Жүк тасымалы» ЖШС ЖТ Ақтобе бөлімшесі басшысының орынбасары Б. Бирманов, Ба…

1
0
299

Бизнесті қорғау басымдыққа ие («PBI – Protecting Business and Investments» жобасы аясында)

2020 жылғы 7 желтоқсанда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасын іске асыру шеңберінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевтың жұмыс сапары барысында «Квант» ЖШС Бас директоры М. Пшеничный БҚО ТЖД қызметкерлерінің тексеруді жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтарға қатысты келіп түскен өтініші бойынша кеңес өткізілді.Шараға БҚО бойынша СЖҚД басшысы Р. Ақмырзаев, «Атамекен» ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау Кеңесінің төрағасы Х. Қапанов, БҚО бойынша СЖҚД басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, БҚО ТЖД бастығы Ж. Жұмашев, Орал трансформатор зауытының заңгері А. Нұрғалиев және т. б. қатысты.Н.И. Самет кеңеске қатысушыларға «Квант» ЖШС-не қатысты тексерулерді жүзеге асыру кезіндегі өртке қарсы қызмет қызме…

0
0
261

Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні аталып өтті

2020 жылдың 9 желтоқсан күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай форум ұйымдастырылды.Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ә.Ө.Салиева, облыстық арнайы мониторингтік тобының жетекшісі В.С.Колпаков, мемлекеттік органдар мен қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев өз сөзінде «2004 жылдан бастап жыл сайын 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде атап өтіліп келеді. Бұл атаулы күн біздің елімізде де ерекше орын алады. Тек ортақ күш жігердің арқасында ғана біз жемқорлықты жоя аламыз. Өз азаматтық белсенділігін танытып жүрген жеке тұлғалар мен қоғамдық ұйымдарға Агенттік атынан алғыс білдіреміз» -…

1
0
353

Қазақстанның мемлекеттік органдарында Адалдық алаңы посттары пайда болды

Алғашқы ақпараттық банерлер Орал қаласында орнатылды.Жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған посттардың ашылу салтанатында республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының төрағасы Төлеген Байгулов бұл жобаның мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық бақылауды күшейтуге көмектесетіндігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді сапалы алуға, заманауи цифрлық технологияларды енгізуді қамтамасыз етуге және қызмет көрсету процесінде адами факторларды болдырмайтындығын атап өтті.«Мемлекеттік органдар өз қызметтерін «жедел және кедергісіз» қағидаты бойынша қайта құруы қажет. Яғни, қазақстандықтар өздерінің сұрақтары мен өтініштерінің жауабын сол күні алуы тиіс. Егер уақытылы ақпарат берілмесе, онда қызмет алушылар ақпараттық постта кө…

1
0
186

«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының қорытындысы

«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының қорытындысыҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті ҚР 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Адал еңбектің жарқын бейнесі» атты жас суретшілер байқауын ұйымдастырды.Байқаудың мақсаты мен міндеті – көркем өнер саласындағы дарынды балаларды анықтау, эстетикалық тәрбие құралдары арқылы парасаттылық қағидаларын дамыту және балалардың өз қабілеттерін шыңдауға жағдай жасау.Байқауға облыс мектептерінің 7-9 сынып оқушылары (қосымша білім мекемелері) қатысты.Байқау қорытындысы бойынша келесідей жеңімпазд…

1
0
413

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

2020 жылдың 2 желтоқсан күні сағат 17.30-дан бастап (жергілікті уақытпен) «ADAL KÓMEK» жобасы аясында белгілі адвокат және құқық қорғаушы Айман Умарова Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін тегін құқықтық кеңес береді. Өздеріңізді қызықтырған сұрақтарыңызды 8 776 577 92 67 «WhatsApp» нөміріне жолдай аласыздар (видео немесе мәтін) БҚО үшін деген ескертпемен. Өтетін орны: БҚО, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 89/1 үй, «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығы. Ескертпе: «WhatsApp» нөміріне түскен сұрақтардың жауаптарын «Facebook» әлеуметтік желісінің парақшасындағы тікелей эфир кезінде ала аласыздар (Айман Умарова / Aiman Umarova).

1
0
228