Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Пара берушілер мен парақорлыққа делдал болушыларға жауапкершілік күшейтілді

Өткен жылдың 1 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында пара берушілер мен делдалдардың жауапкершілігін күшейтудітапсырылған болатын.

Бұл тәсілдің халықаралық озық тәжірибеге толық сәйкес келетінін атап өткен жөн. Лауазымды адамдарды параға сатып алумен әдейі айналысатын, не заңсыз сыйақы беру кезінде делдал болған адамдар, елеулі қылмыстық жауаптылықта болуға тиіс.

Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізілді. Қазіргі уақытта жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа – яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген.

Бас бостандығынан айыру мерзімдерінің ұлғаюынан басқа, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін айыппұл мөлшеріде бірнеше есеге өсті.

Енді қарапайым пара берушілер үшінайыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 есеге, параның 10 еселенген мөлшерінен 20еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылды. Сол сияқты делдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері 2 есеге ұлғайтылды.

Осыған байланысты, азаматтар заңсыз сыйақы төлеу арқылы мәселелерді шешуден бас тартуы қажет.

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы

Р.С.Ақмырзаев

1
0
267

Осы тақырып бойынша

Пара берушілер мен парақорлыққа делдал болушыларға жауапкершілік күшейтілді - Yvision.kz