Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ұжымымен кездесті
2020 жылдың 11 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті жанындағы облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшелері Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «РУ 170/1 мекемесінің» ұжымымен кездесу өткізді.
Шараға облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшесі М.Т.Әнесов, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Р.Ғ.Мұратов және мекеме қызметкерлері қатысты.
Облыстық Штабтың мүшесі М.Т.Әнесов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Шара соңында Мекеме қызметкерлері Штаб мүшелеріне осындай кездесулері үшін алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.