Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері жастармен кездесті

2020 жылдың 04 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті (бұдан әрі – Депаратмент) жанындағы облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшелері Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Шараға облыстық мүшесі ақпараттық-насихат Штабының (бұдан әрі – Штаб) Ө.Қ.Құспанов, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Е.Ерланұлы, колледждің оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

Облыстық Штабтың мүшесі Ө.Қ.Құспанов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Шара соңында колледж студенттері Штаб мүшелеріне осындай кездесулері үшін алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

0
0
172

Осы тақырып бойынша

Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері жастармен кездесті - Yvision.kz