Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері жастармен кездесті

2020 жылдың 6 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті (бұдан әрі – Депаратмент) жанындағы облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшелері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен кезекті кездесуін өткізді.

Шараға облыстық ақпараттық-насихат Штабының (бұдан әрі – Штаб) мүшесі М.Т.Әнесов, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Р.Ғ.Мұратов, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

Облыстық Штабтың мүшесі М.Т.Әнесов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Шара соңында Университет студенттері Штаб мүшелеріне осындай кездесулері үшін алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

1
0
243

Осы тақырып бойынша

Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері жастармен кездесті - Yvision.kz