ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру іс-шаралар алгоритмі

«Жемқорлыққа қарсы мәдиниет қалыптастыру мақсатындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру іс-шаралар алгоритмі»

2020 жылдың 7 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.С. Ақмырзаевтың қатысуымен ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында «Жемқорлыққа қарсы мәдиниет қалыптастыру мақсатындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру іс-шаралар алгоритмі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, шараға «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы А.Б. Сағатов қатынасты.

Инспекцияның әдеп жөніндегі уәкілі Ниязова Ж.А., тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы А.А.Аймукашеваның сыбайлас жемқорлықты болдырмау тақырыптық баяндамалары тыңдалды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметі туралы және Ветеринариялық бақылау және қадағалау саласы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактілерін әшкерілеу бойынша бейнероликтер көрсетілді.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Р.С. Ақмырзаев қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.