Білім саласы қызметкерлері жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинардан өтті
2020 жылғы 30 қаңтар күні «Antikor ortalygy» сервистік орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты білім саласы қызметкерлеріне арналған семинар-тренингі ұйымдастырылды.
Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин өз сөзінде қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатырған шаралармен таныстырып, жемқорлықпен күрес саласындағы өзекті мәселелер мен жаңашыл бастамаларға тоқталды.
Тренинг барысында басқарманың бас маманы Г.М.Мурзакаева сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жүргізу бойынша ұсыныстар беріп, талдау бағыттарын, талдамалық анықтама құрылымы мен білім саласындағы жиі кездесетін жемқорлық тәуекелдерін анықтау тәсілдерін түсіндіріп өтті.
Қатысушылар жүргізілген талдаулар үлгілерімен таныстырылып, талдау жүргізудегі өз ойлары мен тәжірибелерімен бөлісті.
Тренинг қатысушыларына ішкі талдау жүргізу бойынша материалдар таратылып, қойылған сұрақтарына жауап алды.
Білім саласы өкілдері «Antikor ortalygy» сервистік орталығында әр оқу орнының парасаттылықты қалыптастыру бойынша іс-шараларын өткізу мүмкіндігіне ризашылығын білдірді.
