ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Бәйтерек ауданының Достық ауылында жұмыс сапарымен болды

2020 жылдың 6 ақпан күні «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.С.Ақмырзаев, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева, облыстық ақпараттық-насихат штабының жетекшісі М.Т.Әнесов, облыстық арнайы мониторингтік тобының басшысы В.С.Колпаков және мүшелері жұмыс сапарымен Бәйтерек ауданының Достық ауылында жұмыс сапарымен болды.

Жұмыс сапары барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының сақталуына байланысты ауыл әкімдігінің, ауылдық полиция бөлімінің, дәрігерлік амбулаториясының және мектептің жұмыс барысымен танысты.

Қорытындысы бойынша АМТ мүшелерімен бірқатар ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, Ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауыл азаматтарын сұрақтары бойынша қабылдады.