Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері Бәйтерек ауданының Достық ауылының тұрғындарымен кездесті

2020 жылдың 6 ақпан күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Депаратмент) жанындағы облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшелері Бәйтерек ауданының Достық ауылы тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшесі М.Т.Әнесов қатысып, ауыл тұрғындарын облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Шара соңында Достық ауылының тұрғындары Штаб мүшелеріне осындай кездесулері үшін алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

1
0
236

Осы тақырып бойынша

Ақпараттық-насихат Штабының мүшелері Бәйтерек ауданының Достық ауылының тұрғындарымен кездесті - Yvision.kz