Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы ұжымы өздерінің Парасаттылығын көрсете білді»
2020 жылдың 7 ақпан күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері «Батыс Қазақстаң облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК ұжымымен кездесу өткізді.
Шараға департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының АМІЖ бас маманы Е. Ерланұлы қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылықты қалыптастыру, мемлекеттік аппараттағы этика нормалары, қоғамдағы адалдық, мемлекеттік органдардың ашықтығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша жұмыстың маңыздылығы туралы баяндама оқыды.
Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық– адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
