Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

Құқықбұзушылықтың алдын алу

2015 жылдың 13 наурыз күні сағ. 17:00-де Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Сыбайлас жемқорлық профилактикасы, жеке құрам арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қазіргі қолданыстағы заңдарды зерделеуге бағытталған іс-шара оздырылды.

Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Б.Хайруллин қатынасып, дәріс оқыды.

0
0
420

«Парламенттік тыңдау» ойыны

Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген«ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» жүзеге асыру мақсатында Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі бір күнін «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбына арнады. Класстарда шетелдік мұғалімдердің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған сабақтар өткізіліп, дәліз экрандарында бейнероликтер көрсетілсе, үзіліс уақытында activity ұйымдастырылды. Шара аясында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі және дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені оқушыларынан құралған топтар арасында «Парламентті…

0
0
485

Өзара әрекет ету бойынша бірлескен бұйрыққа ресми түрде қол қойылды

Батыс Қазақстан облысы Департаментімен толық көлемде облысымыздың мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелді анықтау және талдау барысында тәжірбиелік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бастапқы жұмыстардың нәтижелері де бар. Бірақ, сыбайлас жемқорлықтың айқындалуымен және соның ішінде оның бастапқы жайттарымен дара күрес жүргізу өте күрделі. Тек, барлық мемлекеттік органдың жоспарлары мен көз қарастарының бірлігі мен сыбайлас жемқорлықтың түпкілікті жойылуына ымырасыз күресу мемлекеттік құрылымдардағы аталған зұлымдыққа төзбеушілік жағдайларының құрылуына қабілетті. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін 2015 жылдың 11 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен Батыс…

0
0
425

«Жаман әдеттен арылу мүмкін бе?»

4 марта 2015 года в целях повышения правовой грамотности в средней общеобразовательной школе №4 г.Уральск проведен диспут с участием учеников 9-10 классов на тему: «Жаман әдеттен арылу мүмкін бе?».

Консультант Департамента Б.Хайруллин выступил с информацией «Формирование принципа «нулевой терпимости» к любым проявлениям коррупции».

0
0
389

«Білімді ұрпақ-Нұрлы болашаққа бастар жол»

Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні Орал қаласындағы Ахмет Байтұрсынов  атындағы №10 ЖОББМ оқушылары арасында БҚО бойынша мемлекеттік қыземет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті мектеп басшылығы мен бірлесіп,  «Білімді ұрпақ-Нұрлы болашаққа бастар жол» тақырыбында «Жас ұлан» ұйымының қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді.

Сыныптан тыс өткен сабақты балалар тақырыптық  тақпақтармен және КТК ойыны көріністерімен безендірді.

0
0
584

Мерекелік құттықтау

2015 жылдың 6 наурыз күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Департамент басшысы Ә.Әшірбаев нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтап, қызметтік міндеттерін үлгілі орындап жүргендерді дипломдармен марапаттады. Шара жастар мәдениет үйінің өнерпаздарының концертімен аяқталды.

0
0
952

ҰОС ардагері 95 жаста

2015 жылдың 4 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Надежда Александрқызы Мельникованы 95-жас мерейтойымен құттықтады. Надежда Александрқызы 1942 жылы Беларусь партизан штабынан шақырту алған. «Майданға шақырған кезде мен әлі жас едім. Бірақ мен еш ойланбастан қолыма қару алып соғысуға аттандым. Мен соғыс жөнінде естеліктерді есіме алғым келмейді, өйткені біздің солдаттардың өлімінің жүз рет куәсі болдым. Алайда ішімізден күндердің бір күнінде тыныштық орнайтындығын сеніп күттік. Көптен күткен Жеңісті мен шекарада қарсы алдым. Осындай жаңалықты естіген мен, жерге жата кеттім де, айқайлап жылап жібердім» - деп еске алады ол. Соғыстан кейін ол ауыл кітап…

0
0
471

2015 жылдың 26 ақпанында Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті.

2015 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеңесінің кезекті отырысында Казталов, Сырым, Бөкей ордасы, Тасқала, Ақжайық, аудандарының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшыларына, Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік істері қаралды.Жаңақала ауданы прокуратурасының ұсынысына сәйкес шаруа қожалықтарын жүргізу үшін жер учаскесін бөлу туралы мәселесін қарастыру барысында жеке тұлғаға көрінеу кедергі жасау фактісі бойынша Қызылоба ауылдық округінің әкімі Н.С.Бердіғалиевке қатысты тәртіптік ісі қаралып, тәртіптік істі қарау нәтижесі бойынша оның іс-әрекеттерінде құқық бұзушылықтың белгілері анықталмауына байланысты тәртіптік іс тоқ…

0
0
365

«Білімді ұрпақ – нұрлы болашақтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.

Бүгін Орал қаласындағы М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейінде «Білімді ұрпақ – нұрлы болашақтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін және мәдениетін арттыру.Дөңгелек үстелге 9-10 класс оқушылары қатынасты.
Қатысушылар шара барысында қазіргі таңда білімді болудың маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды. Әр азаматтың бойында Отансүйгіштік, еңбекқорлық және адалдық қасиеттерін қалыптастыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, Департаменттің консультанты Б.Хайруллин «Мемлекеттік басқарудың негізгі түсініктері, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру» бойынша ақпараттандырды.

0
0
535