2015 жылдың 26 ақпанында Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті.
2015 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеңесінің кезекті отырысында Казталов, Сырым, Бөкей ордасы, Тасқала, Ақжайық, аудандарының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшыларына, Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік істері қаралды.
Жаңақала ауданы прокуратурасының ұсынысына сәйкес шаруа қожалықтарын жүргізу үшін жер учаскесін бөлу туралы мәселесін қарастыру барысында жеке тұлғаға көрінеу кедергі жасау фактісі бойынша Қызылоба ауылдық округінің әкімі Н.С.Бердіғалиевке қатысты тәртіптік ісі қаралып, тәртіптік істі қарау нәтижесі бойынша оның іс-әрекеттерінде құқық бұзушылықтың белгілері анықталмауына байланысты тәртіптік іс тоқтатылды.
Аудандық прокуратураларының ұсыныстары негізінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялауға ұсыныстарды қарау кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамаған фактілері бойынша Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысы Хайруллин С.Ж., Тасқала аудандық бөлімінің басшысы С.Р.Шукуров, Казталов аудандық бөлімінің басшысы С.Х.Тукпанов, Сырым аудандық бөлімінің басшысы К.З.Молдагалиев, Ақжайық аудандық бөлімінің басшысы М.А.Сердалин және бас маманы Д.Ғ.Усахованың тәртіптік істер қаралып, Тәртіптік кеңеспен аталған лауазымды тұлғаларға ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы, 1 тармағы, 10 тармақшасымен қарастырылған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тиісті тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныстар жолдау туралы шешім қабылданды.
