Құқықбұзушылықтың алдын алу

2015 жылдың 13 наурыз күні сағ. 17:00-де Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Сыбайлас жемқорлық профилактикасы, жеке құрам арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қазіргі қолданыстағы заңдарды зерделеуге бағытталған іс-шара оздырылды.
Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Б.Хайруллин қатынасып, дәріс оқыды.

