Өзара әрекет ету бойынша бірлескен бұйрыққа ресми түрде қол қойылды
Батыс Қазақстан облысы Департаментімен толық көлемде облысымыздың мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелді анықтау және талдау барысында тәжірбиелік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бастапқы жұмыстардың нәтижелері де бар.
Бірақ, сыбайлас жемқорлықтың айқындалуымен және соның ішінде оның бастапқы жайттарымен дара күрес жүргізу өте күрделі. Тек, барлық мемлекеттік органдың жоспарлары мен көз қарастарының бірлігі мен сыбайлас жемқорлықтың түпкілікті жойылуына ымырасыз күресу мемлекеттік құрылымдардағы аталған зұлымдыққа төзбеушілік жағдайларының құрылуына қабілетті.
Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін 2015 жылдың 11 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы өзара әрекет ету Қағидасы мен Бірлескен бұйрығына қол қойылды.
Департаментке іс-жүргізу шешімдерін қабылдау үшін, мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың іс-әрекетінде қаржы құқықбұзушылық немесе сыбайлас жемқорлық белгілері бар материалдар жіберіледі. Сонымен қатар, бүгін қол қойылған құжаттар негізінде, Департамент және Ревизиялық комиссия материалдарымен байланысты ақпараттарды айырбастау жүргізіледі.
Өз кезегінде берілетін материалдар мен ақпараттар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді және оларды ескерту шараларын, сыбайлас жемқорлықтың жүйелі түрін ашу, сонымен қатар кәсіпкерлердің заңды қызметіне кедергі келтіру жайттарын анықтау үшін бізбен жан-жақты зерделенеді.
Анықталған жайттар бойынша, оларды жою жөнінде орындалуға міндетті ұсыныстар енгізіледі, әкімшілік және қылмыстық өндірістер қозғалады.
Біздің бүгінгі біріккен шешіміміз толығымен ел Президентімен Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай әлемдегі 30 дамыған елдер қатарына кіру Жоспары тапсырмаларына сай келеді, оның бірі жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру және қалыптасуын жалғастыру болып табылады.
