Облыстық радио толқынындағы тікелей эфир.
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жақсат Мұратов облыстық радио толқынындағы «Заң аясында» бағдарламасында тікелей байланысқа шықты.Бағдарламаның басты тақырыбы облыстағы Тәртіптік кеңестің жұмысы туралы болды. Жақсат Мұратұлы Тәртіптік қызметтің жұмысына қатысты сұрақтарға жауап беріп, атқарылған жұмыстардың қорытындысымен үндендіре отырып, сыбайлас жемқорлық заңнамасының сақталуы мен мемлекеттік тәртіпті нығайту жөнінде өз ұсыныстарын айтты.Азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және халықпен өзара іс-қимылды нығайту мен кеңейтуге арналған жұмыс Департамент басшылығымен қолдау тауып, м…