Мерекелік құттықтау
2015 жылдың 6 наурыз күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Департамент басшысы Ә.Әшірбаев нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтап, қызметтік міндеттерін үлгілі орындап жүргендерді дипломдармен марапаттады. Шара жастар мәдениет үйінің өнерпаздарының концертімен аяқталды.
