Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Білімді ұрпақ – нұрлы болашақтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.

Бүгін Орал қаласындағы М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейінде «Білімді ұрпақ – нұрлы болашақтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін және мәдениетін арттыру.Дөңгелек үстелге 9-10 класс оқушылары қатынасты.
Қатысушылар шара барысында қазіргі таңда білімді болудың маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды. Әр азаматтың бойында Отансүйгіштік, еңбекқорлық және адалдық қасиеттерін қалыптастыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, Департаменттің консультанты Б.Хайруллин «Мемлекеттік басқарудың негізгі түсініктері, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру» бойынша ақпараттандырды.

 
0
0
534

Осы тақырып бойынша

«Білімді ұрпақ – нұрлы болашақтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. - Yvision.kz