Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің тиімді әдістері

2016 жылдың 28 маусым күні «БҚО бойынша Болашақ» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің тиімді әдістері» атты семинар-тренинг өтті.

Шараға жастар ұйымдарының көшбасшылары, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылар, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі, үкіметтік емес ұйым жетекшілер мен журналисттер  қатысты.

Семинар-тренингте белгілі интернет жүргізушілер Нартай Әшім, Максим Рожин, Артур Нигметов өз ойларын ортаға салып, әлеуметтік желіні дамыту бойынша шеберліктерін көрсетті.

0
0
915

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескерту

2016 жылдың 27 маусымда Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрағасы М.Қ.Сисенғалидің төрағалығымен «Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескерту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі М.Харесова «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.

0
0
758

«5 институционалдық реформа — 100 нақты қадам: Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным»

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілгені белгілі. Аталған мерекені атап өтудің басты мақсаты қазақстандық патриотизм және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік аппараттың жұмысының негізгі мақсаты халыққа қызмет ету екендігін және мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуды қоғамға жеткізу болып табылады. Осы мерекеге байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен 2016 жылдың 23 маусымында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның үлкен залында Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай «5 институционалдық реформа - 100 нақты қадам: Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» атты облыстық конференция және м…

0
0
1201

БҚО-да Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2016 жылдың 24 маусымда Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері ағымдағы жылдың 5 айындағы Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары саласында жемқорлыққа қарсы әрекет ету бағытында атқарылған жұмысы жөнінде талқылады.

Отырыста қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша, кеңес  мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тиімділігін көтеру бойынша мемлекеттік қызметшілерге нақты ұсыныстар беру жөнінде қаулы қабылданды.

0
0
269

Аймақтық журналистиканың дамуының бүгіні мен ертеңі

2016 жылдың 28 маусым күні «Болашақ» БҚО бойынша корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Орал қаласында «Аймақтық журналистиканың бүгіні мен ертеңі» атты Батыс Қазақстан журналисттерінің форумы өтті.

Форум жұмысына журналисттер, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметіне жауапты мамандар және Астана қаласынан арнайы шақырылған Нартай Әшім, Максим Рожин, Артур Нигметов қатысты.

Форумда баспасөзді дамыту, әлеуметтік желілердің қазіргі қоғамдағы маңыздылығы, блогерлердің рөлі және тағы басқа мәселелер талқыланды.

0
0
665

Тікелей байланыс

2016 жылдың 22 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойнша Депаратменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес атшылығының меңгерушісі Ж.Мұратов «Қазақстан-Орал» телеарнасының «Ел алдында» бағдарламасына қатысты.

0
0
326

Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным

Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың идеясын, соның ішінде «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт Жоспарын көпшілікке түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшылығы тұрақты түрде алыс шалғайдағы ауыл-аймақтарда кездесулер өткізіп тұрады. 2016 жылдың 21 маусымда осындай кездесулердің бірін Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин, басқарма басшысы Б.Хайруллин Ақжайық ауданында өткізді. Кездесу шеңберінде М.Нұртазин мен аудан әкімі Ә.Жоламанов аудандық деңгейде ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің ашылуына қатысты. Сондай-ақ, Чапаев және Тайпақ елді мекендерінде еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау қызметкерлері, азаматтық қоғам және…

0
0
1870

Оралда бос орындар жәрмеңкесі өткізілді

2016 жылдың 21 маусымда Орал қалалық Жастар мәдениет үйінде бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге облыстағы 51 жұмыс беруші қатысып, 376 бос орын ұсынды. Жәрмеңкенің жоғары және арнаулы-орта оқу орындарының түлектеріне арналған барлық саласы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, басқарма басшысы В.Масимова қатысты. Жәрмеңкеде азаматтарға мемлекеттік қызметке орналасу жолдары, мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өту ережесі бойынша жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының түлектеріне толық түсіндіріле отырып, тестілеу бағдарламалары үлестірілді. Түлектер өз тараптарынан мемлекеттік қызметке қызығушылық білдіріп, алда…

0
0
464

БҚО-да оқушылар арасында үздік жұмыстар сайысы қорытындылады

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2016 жылға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен іс-шаралар қатары өткізіліп келеді. Өскелең ұрпақтың арасында мемлекеттік қызметте ел мен халық үшін адал қызмет етуді және «жалпыға бірдей еңбек», «адалдық» және «сатылмаушылық» мінез-құлық нормасы болуы қажет екендігін түсіндіру мақсатында, Департамент пен Орал қалалық білім беру бөлімімен бірлесе орта оқу орындары оқушылары арасында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» үздік шығарма жазудан және «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» үздік сурет салудан конкурс жариялаған болатын. Ағымдағы жылдың 17 маусымында мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Деп…

0
0
797

БҚО медициналық қызметкерлер жемқорлыққа қарсы

2016 жылдың 15 маусымда Батыс Қазақстан медициналық колледжінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңнамасын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша Департаментінің өкілдері Н.Нұрлан, М.Харесова, медициналық колледждің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел Департаменттің өкілі Нұрсұлтан Нұрлан сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде Маншук Харесова дөңгелек үстелге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының негізгі бағыттары мен оны жүзеге асырылуы туралы таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға әр адамның үлес қосуы маңызды екендігін атап өтті.

0
0
363