Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар
2016 жылдың 16 маусымда Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазиннің төрағалығымен, Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» тақырыбында брифинг өткізілді. Департамент басшысы М.Нұртазин өз сөзінде Мемлекеттік қызмет істері органдарымен мемлекеттік қызметке орналасу мен өткерудің жаңа рәсімдерін енгізу және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамалық нормаларды жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын атап өтті. Брифинг барысында ол 2016 жылдың 5 айында облыстағы мемлекеттік…




