Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау
Достар, бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау – елдің күн тәртібіндегі негізгі басымдықтарының бірі екені сөзсіз.Ағымдағы жылдың 19 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы осы бағытты күшейтуге баса назар аударды.Бұл мәселе жыл сайынғы Жолдауда да нақты айқындалды. Шағын және орта бизнес COVID-19 пандемиясы жағдайында қиын кезеңді бастан кешуде және бұрынғыдан да зор қолдауды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу «мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс» ретінде қарастырылуы тиіс.Шағын бизнес бойынша халықаралық кеңестің (ICSB) деректеріне сәйкес, ШОБ әлемдегі барлық кәсіпорындардың 90%-дан астамын құрап, шамамен халықты жалпы 70% жұмыспен қамтуды ж…