Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мектептерге компьютерлерлік техниканы бөлу бойынша жұмыс жалғасуда

2020 жылғы 9 қыркүйекте «Aqjayiq – adaldyq alany» жобалық кеңсесі, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің және БАҚ өкілдерімен бірлесіп қазіргі уақытта өңірге жеткізілген компьютерлік техниканы Орал қаласының мектептеріне бөлу бойынша жұмыстар атқарылды.

Жұмыс тобымен Орал қаласының №1, 31, 38, 47 мектептерінде уақытша пайдалану үшін әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға планшеттерді бөлу бойынша жұмыстары мониторингіленді.

Бүгінде №1 мектебінің оқушыларына 25 планшет, №31 мектепке 8 планшет, №38 мектепке 10 планшет, №47 мектепке 25 планшет таратылды.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

1
0
224

Осы тақырып бойынша

Мектептерге компьютерлерлік техниканы бөлу бойынша жұмыс жалғасуда - Yvision.kz