Компьютерлерлік техниканы бөлу қоғам бақылауында
2020 жылғы 8 қыркүйекте «Aqjayiq – adaldyq alany» жобалық кеңсесі, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің және мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен БҚО білім басқармасында мектептерге арналған моноблоктарды (компьютерлерді) бөлу бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді.
Қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру мақсатында БҚО әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 14970 бірлік компьютерлік техника (компьютерлер – 1558 бірлік, планшеттер – 2018 бірлік, ноутбуктер 11394 бірлік) сатып алуға 2 318 399 596 теңге сомасында қаражат бөлінген болатын.
Бүгінгі күні «Казинтерсервис» ЖШС компьютерлік техниканың бір бөлігі (735 планшет) жеткізілді.
Бұл планшеттер Орал қаласы, Сырым және Жаңақала аудандарындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға берілетін болады.
