Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен рейд

2020 жылдың 05 қыркүйегінде БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен облыстық көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп «Aqjaiyiq - adaldyq alany» жобалық кеңсесі қызметкерлерінің қатысуымен республикалық Орал – Ақтөбе тас жолдарында рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Оның негізгі мақсаты бекеттерде бақылау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Рейдтік іс-шара барысында 1 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 1-бөлігімен (Жүкті, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін, CMR), жол парағын ұсынбауы, сол сияқты оларды толтырмауы), ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 6-бөлігімен (Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi), ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 9-бөлігімен (Автокөлiк құралын тиеу процесiнде жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, жол берілетін салмақтық параметрлерді бір тоннадан астам және (немесе) көлемдiк параметрлерден асыруы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жұртшылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі, рейдтік іс-шаралар барысында жұртшылықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндіріледі, ақпараттық парақшалар таратылады.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

1
0
162

Осы тақырып бойынша