Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы кездесу өтті

2020 жылдың 14 қыркүйек күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаевтың және облыс әкімі аппаратындағы Әдеп жөніндегі уәкіл А.Р.Хайруллинаның қатысуымен БҚО еңбек инспекциясы басқармасының ұжымында кездесу ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру болып табылады.

Өз кезегінде Р.С.Ақмырзаев: «2019 жылдың аяғында басшылардың дербес жауапкершілігі заңмен бекітілді. Яғни, саяси қызметкер үшін отставкаға кетуі, ал әкімшілік мемлекеттік қызметкер басшылары үшін тәртіптік мәселесі қаралады. Сыбайлас жемқорлық жөнінде жүйелі түрде ескертіп отыруға ерекше мән берген жөн. Әр мемлекеттік мекеменің басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізуі қажет» - деп атап өтті.

Еңбек инспекциясы тексеруші орган болғандықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары мекеме болып табылады. Әр тексеру алдында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша қатаң ескертілуі қажет.

Шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы мен миссиясы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

1
0
181

Осы тақырып бойынша

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы кездесу өтті - Yvision.kz