Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бұрынғы «Землячка» былғары зауытының аумағына бірлескен мониторинг

Мән-жайларды анықтау үшін, 2020 жылғы 8 қыркүйекте мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерімен бірлесіп, құрылыс аумағына жақын орналасқан үйлер тұрғындарының қатысуымен бұрынғы «Землячка» былғары зауытының аумағына бірлескен шығу өткізілді.

Осы аумақта одан әрі құрылыс салу үшін Тапсырыс беруші «Zhayik City» ЖШС, ал мердігер «Таза Құрылыс» ЖШС-мен дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқаны анықталды. Сонымен қатар, мердігерлік ұйым Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің Орал орман шаруашылығының мемлекеттік орман қоры аумағындағы учаскеде өсіп тұрған ағаш және бұталармен бірге құрылыс қоқыстарын төгіп тастаған.

Құрылыс жұмыстары кезінде Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ іргелес жерде мемлекеттік орман қорының аумағы қоқысқа айналған. Осыған байланысты, аталған факті бойынша Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ қызметкерлері «Таза Құрылыс» ЖШС-не қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 372-бабы 2-бөлігі бойынша «Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіру, ластау және орман қорының жерлеріне өзге де залал келтіру» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды, айыппұл сомасы 35 АЕК келтірілген залал 236 130 теңге.

«Таза құрылыс» ЖШС мемлекеттік орман қоры аумағынан барлық құрылыс қоқыстарын жинауды міндетіне алды. Сонымен қатар, аталған ЖШС Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ - мен қандай да бір құрылыс іс-шараларын өткізуге келісім жасамағаны анықталды.

Қазіргі уақытта тиісті сараптама үшін топырақ сынамалары алынды.

1
0
251

Осы тақырып бойынша

Бұрынғы «Землячка» былғары зауытының аумағына бірлескен мониторинг - Yvision.kz