Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығ делдалдард заңсыз әрекетт жолын кесу мәсел б.а брифинг өткізілді

2020 жылдың 08 қыркүйегінде «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Ақжайық-адалдық аланы» жобалық кеңсесінің басшысы А.Салиеваның және БҚО полиция департаменті, Орал қ. қорғаныс істер жөніндегі басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингтің мақсаты - көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыларға делдалдарға жүгіну қажеттілігі жоқ екендігі туралы халықты ақпараттандыру, БҚО тұрғындарын жалған құжаттарды сатып алу бойынша күмәнді сайттардың алаяқтық тұзақтарынан ескерту.

Сонымен қатар, брифинг барысында әскери билеттерді, жүргізуші куәліктерін сату, травматикалық қаруды алып жүруге рұқсаттамалар беру, сондай-ақ Damumed жүйесінде жалған медициналық қызмет көрсету бойынша делдалдардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылдау мәселесі талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

1
0
199

Осы тақырып бойынша

«ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығ делдалдард заңсыз әрекетт жолын кесу мәсел б.а брифинг өткізілді - Yvision.kz