Ақпарат-ағартуш штабының мүшел БҚО бойынша қылмыст-атқару жүйесі департаменті ұжымымен кездесті
2020 жылдың 4 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Шараға облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі М.Т.Әнесов, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысты.
Облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі М.Т.Әнесов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға шақырды.
Өз кезегінде, Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
