Мазмұнға өту
anticorruptionAO

ANTIKOR Алматинская обл.

@anticorruptionAO

Сайтта 2021 ж. 19 сәуір

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

306

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді

Сыбайлас жемқорлық – бұл пара беру және алу ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік (қызметтік) билікті өзінің жеке мүддесі үшін теріс пайдалану. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның пайда табу мақсатында мемлекет пен қоғамның заңды мүдделеріне қайшы келетін өзінің лауазымдық жағдайын заңсыз пайдалануы. Мемлекет пен қоғамның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық билікке, мемлекет пен қоғамға зиян келтіре бастайды. Ол билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді бүкіл қоғамның мүддесі үшін емес, жеке тұлғалардың немесе белгілі бір адамдар тобының мүддесі үшін пайдалануды білдіреді, бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билікті жеке мүдделер үшін заңсыз пайдалануды білдіреді. Еліміздің бұл індетке қарсы саясатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаҚұқық бұзушылық – бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмысты әрекет. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында ауылымызда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ, жыл басынан іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өз дәрежесінде ұйымдастырылып отырды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұсақ және ірі құқық бұзушылық сынды қылмыстардың алдын-алу мақсатындағы профилактикалық жұмыстар да қолға алынған. Білім ордасында құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Жайпақ ауылдық округінде жастар арасында қылмыстық құқық бұзушылыққа нөлдік төзбеушілік сипатында және әлімжеттік, жасөспірімдер арасындағы төбелесу сынды бұзақылықтарды болдырмау мақсатында учаскелік полиция инспекторымен бірлескен «Түңгі рейд» шарасы үнемі ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек ауылда ұрлық мәселесіне де қатаң қадағалау бар. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын-алу бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Округ әкімдігі мен учаскелік полиция инспекторы бірлесе отырып ауыл тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады. 2021 жылдың 1-ші тоқсанында ұсақ және ірі көлемдегі ұрлықтың алдын-алу бойынша және «Көршілер бақылауы», «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» бағытында ауыл тұрғындарымен профилактика жүргізілді. 2021 жылдың ақпан айының басында мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауылдағы табыншылармен кездесу өткізіп, оларға міндеттерін, заңды құқықтарын түсіндіріп өттік. Үш жақты келісім шарттар жасалды. Ауылда табынға қоспайтын малдар егістік алқабына түссе және қараусыз бос жүрген малдардың иелері анықталмаған жағдайда жоғалған малды уақытша иесі табылғанша күтіп ұстау бойынша «Ералы» шаруа қожалығымен келісімге отырдық. Е.ТАБЕЕВ, Жайпақ ауылдық округінің әкімі. Мұғалім – бұл барша адамзат баласының дамуына ерекше үлес қосып, әр шәкірттің бойына ұлағаттылық пен ұстамдылықтың дәнін егетін ұлы тұлға. Әр ісіне береке тұнып, білім көкжиегіне қарай барлығын да жетелейтін ұстаздардың қоғамдағы құрметі мен қадірі де тым биік. Тірлігіміздің қалыпты жалғасуының тұғырын тең ұстап тұрар мамандықтар жетерлік. Қайсы бірін алсаңыз да мемлекетіміздің «Мәңгілік ел» болу мұратына қарай басқан қадамдарын қарымды етуге өзіндік ықпалдарын тигізіп отыр. Соның ішінде болашақ иегерлерінің санасына білім нұрын себездеп, таң рауанымен таласа мектептің есігін айқара ашып, шәкірттерін күтіп алатын мұғалімдердің еңбегі ерен. Себебі қазіргі білімнің салтанат құрған заманында жаһандық бәсекелестікке лайықты болу үшін ең алдымен өзіміздің білім дәрежемізбен ғана көшті бастауға мүмкіндік алмақпыз. Бұл ретте жаңа заманның сұранысына қарай дағдыланып, жаңаша білім бере алатын ұстаздардың қызметіне көп дүние байланысты болмақ. Шыны керек, бұрынғыдай қылышпен қырып, шоқпармен шауып алатын уақыт тарих қойнауына сіңіп, жоқ болды. Қазір тек саналы һәм сауатты ұрпақтардың асығы алшысынан түсіп, адымы алшаққа бағытталатын мезет. Сондықтан да саннан сапаға ауысып, ұстаздардың да біліктілік биігінде болуы басты талап. Мұғалім – мәртебелі міндет. Қоғамның түзеушісі, бала жанының бағбаны. Мектептің тірегі һәм жүрегі. Күніне қырық құбылған заманның тамырын дөп басып, өз дәуіріне лайықты білім беретін, үнемі ізденісте жүретін, жаңғыру мен жаңашылдыққа үйір ұстаздардың тасы өрге домалап, өрістей түсері сөзсіз. Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» демекші, мұғалімдердің басты мақсаты есеп-қисап пен кітап оқуға, жазуға баулу ғана емес, сонымен қатар адамгершілік негіздерін бойымызға сіңіріп, тәлім мен тағылым қазығын қағатын да ұстаз. Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету, салт-дәстүр мен ұлттық болмыстан ажырамау, ата-ана қадірі мен достық қарым-қатынасқа берік болу, кішіпейілділік пен бауырмалдық, жанашырлық сынды ізгі қасиеттерді бала бойына сіңіру де мұғалімнің міндеті. Қай заманда, қай ұлтта, қай дәуірде болмасын ұстаздық жол мен қызметке деген құрметтің орны бөлек. Бізді осынау ұлы жолда жетелеп, ұлағаттылық нәрін сепкен ұстаздардың еңбегін бағаламау мүмкін емес. Өмірлерінің басым бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнап, ел болашағын қалауда айтулы қызмет етіп келе жатқан мұғалімдерге шынайы алғыс білдіремін. Мақпал ӘДІЛХАНҚЫЗЫ, М.Әубәкіров атындағы орта  мектебінің оқушысы. Сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді ны жетілдіру, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдар қызметінде ашықтықты, транспаренттілікті және есептілікті қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы екі жылда қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада бірқатар елеулі өзгерістер мен жаңалықтар орын алды. Осы аспектіде парақорлыққа қарсы қызмет бірқатар заңнамалық новеллалардың бастамашысы болды. Осылайша, 2019 жылдан бастап қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін бірінші басшылардың отставкаға кету институты енгізілді. Өткен жылдан бастап ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Қауіпсіздігі барынша төмен колония - қоныстар деп аталатын қылмыстық-атқару меДәрігерлерге  мың алғыс кемелерінде сыбайлас жемқорлықпен сотталғандар үшін жазаны өтеу мүмкіндігі алып тасталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға жаза күшейтілді. Мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттарына, судьяларға шетелдік банктерде шоттар ашуға және иеленуге тыйым салынды, пара берушілер мен делдалдардың парақорлыққа жауапкершілігі күшейтілді, мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беруге тыйым салынды, комплаенс-офицерлер институттары енгізілді. Осы заңнамалық нормаларды қабылдау жемқорлыққа қарсы іс-қимылға елеулі үлес болып табылады және осы аспектіде заң шегінен шығып кеткендерге кешенді түрде жақындауға мүмкіндік береді. М.МАҚАЖАНОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы.

0
0
290

Парақорлықпен күрес – тұтас қоғамның ортақ жұмысы - Марат Ахметжанов

Парақорлықпен күрес – тұтас қоғамның ортақ жұмысы. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен V республикалық кәсіпкерлер форумында Антикор төрағасы Марат Ахметжанов айтты.

*****

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов ведомство құрылымының өзгеруіне қатысты түсініктеме берді. Антикор төрағасы заң бойынша агенттікке превенция, анықтау және тергеудің үш негізгі функциясы жүктелгенін атап өтті. «Біз осы үш блоктың өзара сапалы іс – қимылын қамтамасыз етуіміз керек», - деп атап өтті Марат Ахметжанов. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік жоспарлау және Мемлекеттік сатып алу порталдарын біріктіруді, сондай-ақ бюджеттік өтінімдерді жария орналастыруды ұсынды. Антикор басшысы жекелеген кең таралған және біртекті тауарлар үшін бірыңғай ерекшеліктер мен бағаларды белгілеу қажеттігін атап өтті.

*****

«Ірі нысандарды салу кезінде дамыған елдердегідей жобалық жоспарлауға көшу керек. Сондай-ақ бюджет қаражатын бөлуден бастап игеруге дейін сүйемелдеуді енгізген жөн. Мемлекеттік қаржымен жұмыс істегің келсе – ашықтыққа дайын бол», – деп атап өтті Антикор төрағасы Марат Ахметжанов. Оның айтуынша, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жоспарланып отырған Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар мен дотациялар беру саласындағы тәуекел аймақтарына талдау жүргізу керек. Бұл жақында қабылданған ауыл әкімдерін сайлау туралы Заңға байланысты», - деп атап өтті Антикор басшысы.

*****

Ауыл шаруашылығы бойынша қозғалған қылмыстық істердің 54 проценті субсидияларды заңсыз бөлумен байланысты. 5 жыл ішінде шаруаларға 1 трлн теңгеден астам жеңілдетілген несие берілсе, жартысынан көбі заңсыз жолмен рәсімделген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов мәлімдеді.

*****

«Мәселе шешкіш» лауазым иелері кәсіпкерлікке қатты кедергі келтіріп отыр, - дейді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров. «Көлік бақылау инспекциясында қылмыстық схемаларды әшкерелеу жалғасуда. Мысалы, Алматы облысында осы ведомство басшысының орынбасары Жантұров жүк автокөлігін кедергісіз өткізу үшін 50 мыңнан 240 мың теңгеге дейін заңсыз сыйақы алып келген. Сот шешімімен ол 99 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Оның айтуынша, кейбір лауазымды қызметкерлер кәсіпкерлік қызметке барынша кедергі келтіреді. «Мәселені шешемін» деген желеумен қамқорлыққа алған болып кәсіпкерлерден пара алады.

*****

Елордада Қорғаныс министрлігінің алқа отырысы өтті. Оған қорғаныс ведомствосының басшылығы, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қатысып, барлық гарнизондар бейнеконференц байланыс арқылы қосылды. Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы қарашадағы алқа отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асырудың аралық қорытындылары шығарылды. Отырыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі де қаралды. Қабылданған шаралардың арқасында өткен кезеңде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар санының төмендеуі байқалады. Жемқорлық жүйелі емес, оның бюджет қаражатын ауқымды қымқырумен де байланысы жоқ, бұл жемқорлық түрлері тұрмыстық, тұлғааралық сипатқа ие. Атап айтқанда, баяндамада қиын жағдайға тап болған әріптестеріне, оның ішінде балаларын емдеуге көмектесу үшін жалақы мен сыйлықақылардан ақша жинау жалғасуда. Бұл ниеттің жақсы ойдан туғанына қарамастан, аталған фактілерге жол беруге болмайды және ол заңсыз әрекеттер ретінде қудаланады. Осыған байланысты мұндай іс-шараларды жүзеге асырудың заңды тетігін пысықтау қажеттігі айтылды.

*****

Биылғы жылдың 5 айында ауыр түрдегі сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарлаған 3 елорда тұрғынына 612 570 теңге көлемінде сыйақы берілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаментіндегі превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Марат Хайруллин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сонымен қатар, басқарма басшысы сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылатынын жеткізді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады», - дейді ол. Сөз соңында, Antikor ortalyǵy-ның өкілі сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда, 1424 нөмірлі Call-орталығына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кезекші бөліміне 8 (7172) 72-62-22, 72-66-32 қоңырау шалуға болатындығын айтып өтті.

*****

Шымкентте өзін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқармасының басшысы ретінде таныстырып жүрген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттік видеоға қатысты түсінік берді. «Аталған азамат ешқашан Антикор қызметкері болған емес және қазір де қызмет атқармайды. Оның Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі (құжаттарды қолдан жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді агенттіктен.

0
0
246

Қоғамға қауіпті індет

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңның 1-бабының 6-тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексте көзделген.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери полиция органдары, экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда азаматтар 1424 тегін call-орталығына қоңырау шалып, мемлекетке хабарлай алады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады.  Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адам заңға сәйкес жауапты болады.

М. Тасбулатова,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша Сарқан аудандық «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінің маманы.

0
0
284

Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, “corruptio” деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ “corrumpire” түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады: 1.Баршаның заң және сот алдында теңдігі.Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.

2. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету,мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.

Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.

Г. СМАГУЛОВА,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша Сарқан аудандық «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінің маманы.

0
0
215

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық мемлекет функциясының барлық салаларында көрініс тапқан. Оған дәлел ретінде облыстар мен елдегі өңірлер бойынша жемқорлық деңгейін қарастырған көптеген әлеуметтік зерттеулерді алуға болады.

Жемқорлық іс-әрекеттерінің іздері жер мәселесінде, салық, кеден органдарында, мемлекеттік сатып алулар, лицензия беру, тұрғын үй құрылыс индустриясында жиі анықталып жатады.

Сонымен қатар әлеуметтік салада да сыбайлас жемқорлық көлемінің артуы байқалып отыр, олар: денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамтамасыз ету, жер ресурстары салалары. Аталмыш мәселе қоғамдық дертке айналды. Сондықтан бұл дертпен күресу мақсатында мемлекет тарапынан түрлі іс-шаралар қолға алынып жатыр.

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.

Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама күшіне енген.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды. Бірқатар бағдарламалық құжаттар да іске асырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.

Қапшағай қалалық ауданаралық  әділет басқармасы

0
0
240

Жемқорлықпен күрес мәдениеті

Сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтікэкономикалық ілгерілеуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің әмбебап және бәрін қамтитын анықтамасының жоқтығына қарамастан, оған ең алдымен мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жағдайын жеке пайда алу үшін теріс пайдалануын жатқызады, ал оның неғұрлым таралған түрлері ретінде әдетте шенеуніктерді сатып алу, қызметтік өкілеттіктерін пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану болып танылады.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және барынша азайту болып табылады. Қоғамдық өмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін қозғайтын шешімдерді қабылдаған кездегі ашықтықтың жеткіліксіз болуы, әкімшілік кедергілер мен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануға алып келеді, бұл жиынтығында сыбайлас жемқорлық көріністерінің өсуіне ықпал ететін келеңсіз факторларды қалыптастырады. Мемлекеттік функцияларды орындаған кездегі мүдделер қақтығысы да мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін маңызды себептердің бірі болып табылады. Мемлекеттік функцияларды, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыру тетіктерін егжейтегжейлі талдау сыбайлас жемқорлықтың таралуына ықпал ететін себептерді айқындауға және жоюға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметшілердің сатылмайтындығы және олардың қызметінің ашықтығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының табысты болуының негізі. И.ХОДЖАЙБЕКОВА,  ҚР АШМ ВБжҚК Сарқан аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторы, бас маманы.

0
0
235

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ, «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Н.ҚОСАТАЕВ, МҰТП «Алтын Емел» мекемесінің заңгері

0
0
249

Жемқорлықты ауыздықтауға үлесімізді қосамыз

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жаңадан қанатын қағып келе жатқан мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді. Заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза әрі сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бүгінгі таңда жемқорлық заң бұзушылық дерек-фактілері болған жағдайда азаматтар құқық қорғау орындарына, сыбайлас жемқорлықпен күрес орталықтарына тегін callцентрлар арқылы хабарлай алатын мүмкіндіктер жасалды. Заң бойынша, жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске атсалысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Сондықтан барлығымыз өзіміздің өмір сүріп отырған ортамызды түрлі заңсыздықтар мен сыбайлас жемқорлықтан сақтауға тиіспіз. Дегенмен, жемқорлардың арбауына түсіп, адал асын алдына тосатын, заңнан гөрі шаруасын парамен шешкісі келіп тұратын азаматтар көп. Осындай жолдармен жемқорлыққа жол ашу қарапайым азаматтардың қоғамды кері тартып отырғанын көрсетеді.  Мемлекеттің саннан сапаға, сөзден іске көшуіне тікелей жол ашатын ашықтық пен шынайылық болса, сол құндылықтарды жарыққа шығару арқылы жемқорлықтың тамырына балта шаба аламыз. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Анэль АМАНГЕЛДІ,  Қапшағай қалалық  қазынашылық басқармасының жетекші маман – жетекші қазынашысы

0
0
205

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бəсекеге қабілеттілігін едəуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен əділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Сыбайлас жемқорлықтың ерекш е белгісі - лауазымды тұлға өз қызмет бабын, құқықтық мəртебесін жəне қызмет мүддесіне қайшы, əрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы əрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға жəне қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Біздің қоғамда мұндай əрекеттерге орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан əрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Əдеп кодексі талаптарының сақталуы жіті қадағалауда ұсталынып келеді. Елбасының Жарлығымен 2015- 2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретінде мемлекеттік қызмет саласында барлық талаптарының сақталынуында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында мамандар арасында кеңестер, түсіндіру шаралары өткізіліп тұрады. Айналасындағы салауатты, таза жəне сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз əрекеттермен қоғамдық ортаның жəне мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кəсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болысып, ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз жəне халық сенімінен шығатынымыз анық. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу - барлық азаматтардың қасиетті борышы.   ҚР АШМ ВБ ж ҚК Кеген аудандық аумақтық инспекциясы.

0
0
236

Сыбайлас жемқорлыққа атқарылуда

Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдау – арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Ең алдымен бұған парақорлық жатады. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табуымен сипатталады. Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алуы ғана емес, сонымен қатар пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады. «Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарының сақталуы жөніндегі жұмыстар қатаң бақылауға алынып, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұдайы жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және руханиадамгершілік ахуалы туралы бөлім мамандарына түсіндіріліп, күнделікті бақылауға алынған. Бөлім қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы видео роликтер көрсетіліп тұрады және отырыстар жоспарға сәйкес өткізіледі. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы өткізілетін ісшараларға бөлім қызметкерлері қатысып отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің жылдық жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі еліміздің ұстанып отырған басты бағытының бірі. Егер әрбір басшы, әрбір қызметкер, әрбір азамат бұл мәселені сана-сезімімен өз қолына алмаса, еліміздің ертеңіне балта шабылатыны сөзсіз. Жемқорлықты болдырмау – баршаның ортақ парызы, абыройлы міндеті. Күшті, қуатты, экономикасы тұрақты мемлекет болу үшін, ұрпағымыздың ертеңі үшін біздер бүгінгі бұл қоғамдық дертті жеңе білуіміз керек. Гүлденген елімізде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жеке құрам арасында белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Негізгі ұйымдастырушылық ісшаралар жоспарына сәйкес жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа жол беретін себептер мен шарттарды жою бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністері мен басқа да заң бұзушылықтарды уақытылы алдын алу мен жолын кесу мақсатында жеделпрофилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық қылмысына жол бермеу үшін барлық күш-жігерімізді салып жұмыс атқарудамыз. «Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  мемлекеттік мекемесі

0
0
193