Адалдық – ақиқаттың айнасы
Қаламызда адалдық, әділдік, парасаттылық ұстанымдарын насихаттау мақсатында ақпараттықағартушылық штабы құрылып, әр апта сайын мекеме басшыларының және қоғам белсенділері мен штаб мүшелерінің қатысуымен сұхбат ұйымдастырылады. Өткен аптада Текелі қалалық №2 және №5 орта мектеп директорлары Маликов Айдын Тоқтамұратұлы және Иманбердиева Эльмира Сейдахметқызымен «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен», «Парасаттылық– біздің ойларымыздан басталады» тақырыптарында сұхбат өткізілді.Сұхбат барысында мектеп директорлары: «Бүгінгі күні парасаттылыққа негізделген қоғамды құруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты қалыптастырып, құқықтық мемлекеттің негізін тануды мектеп қабырғасынан бастауға баса назар аударылып келеді. Себебі, еліміздің өскелең жас буыны, оның ішінде болашақ мемлекеттік қызметшілер де…