Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді

Сыбайлас жемқорлық – бұл пара беру және алу ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік (қызметтік) билікті өзінің жеке мүддесі үшін теріс пайдалану. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның пайда табу мақсатында мемлекет пен қоғамның заңды мүдделеріне қайшы келетін өзінің лауазымдық жағдайын заңсыз пайдалануы. Мемлекет пен қоғамның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық билікке, мемлекет пен қоғамға зиян келтіре бастайды. Ол билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді бүкіл қоғамның мүддесі үшін емес, жеке тұлғалардың немесе белгілі бір адамдар тобының мүддесі үшін пайдалануды білдіреді, бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билікті жеке мүдделер үшін заңсыз пайдалануды білдіреді. Еліміздің бұл індетке қарсы саясатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаҚұқық бұзушылық – бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмысты әрекет. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында ауылымызда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ, жыл басынан іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өз дәрежесінде ұйымдастырылып отырды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұсақ және ірі құқық бұзушылық сынды қылмыстардың алдын-алу мақсатындағы профилактикалық жұмыстар да қолға алынған. Білім ордасында құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Жайпақ ауылдық округінде жастар арасында қылмыстық құқық бұзушылыққа нөлдік төзбеушілік сипатында және әлімжеттік, жасөспірімдер арасындағы төбелесу сынды бұзақылықтарды болдырмау мақсатында учаскелік полиция инспекторымен бірлескен «Түңгі рейд» шарасы үнемі ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек ауылда ұрлық мәселесіне де қатаң қадағалау бар. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын-алу бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Округ әкімдігі мен учаскелік полиция инспекторы бірлесе отырып ауыл тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады. 2021 жылдың 1-ші тоқсанында ұсақ және ірі көлемдегі ұрлықтың алдын-алу бойынша және «Көршілер бақылауы», «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» бағытында ауыл тұрғындарымен профилактика жүргізілді. 2021 жылдың ақпан айының басында мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауылдағы табыншылармен кездесу өткізіп, оларға міндеттерін, заңды құқықтарын түсіндіріп өттік. Үш жақты келісім шарттар жасалды. Ауылда табынға қоспайтын малдар егістік алқабына түссе және қараусыз бос жүрген малдардың иелері анықталмаған жағдайда жоғалған малды уақытша иесі табылғанша күтіп ұстау бойынша «Ералы» шаруа қожалығымен келісімге отырдық. Е.ТАБЕЕВ, Жайпақ ауылдық округінің әкімі. Мұғалім – бұл барша адамзат баласының дамуына ерекше үлес қосып, әр шәкірттің бойына ұлағаттылық пен ұстамдылықтың дәнін егетін ұлы тұлға. Әр ісіне береке тұнып, білім көкжиегіне қарай барлығын да жетелейтін ұстаздардың қоғамдағы құрметі мен қадірі де тым биік. Тірлігіміздің қалыпты жалғасуының тұғырын тең ұстап тұрар мамандықтар жетерлік. Қайсы бірін алсаңыз да мемлекетіміздің «Мәңгілік ел» болу мұратына қарай басқан қадамдарын қарымды етуге өзіндік ықпалдарын тигізіп отыр. Соның ішінде болашақ иегерлерінің санасына білім нұрын себездеп, таң рауанымен таласа мектептің есігін айқара ашып, шәкірттерін күтіп алатын мұғалімдердің еңбегі ерен. Себебі қазіргі білімнің салтанат құрған заманында жаһандық бәсекелестікке лайықты болу үшін ең алдымен өзіміздің білім дәрежемізбен ғана көшті бастауға мүмкіндік алмақпыз. Бұл ретте жаңа заманның сұранысына қарай дағдыланып, жаңаша білім бере алатын ұстаздардың қызметіне көп дүние байланысты болмақ. Шыны керек, бұрынғыдай қылышпен қырып, шоқпармен шауып алатын уақыт тарих қойнауына сіңіп, жоқ болды. Қазір тек саналы һәм сауатты ұрпақтардың асығы алшысынан түсіп, адымы алшаққа бағытталатын мезет. Сондықтан да саннан сапаға ауысып, ұстаздардың да біліктілік биігінде болуы басты талап. Мұғалім – мәртебелі міндет. Қоғамның түзеушісі, бала жанының бағбаны. Мектептің тірегі һәм жүрегі. Күніне қырық құбылған заманның тамырын дөп басып, өз дәуіріне лайықты білім беретін, үнемі ізденісте жүретін, жаңғыру мен жаңашылдыққа үйір ұстаздардың тасы өрге домалап, өрістей түсері сөзсіз. Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» демекші, мұғалімдердің басты мақсаты есеп-қисап пен кітап оқуға, жазуға баулу ғана емес, сонымен қатар адамгершілік негіздерін бойымызға сіңіріп, тәлім мен тағылым қазығын қағатын да ұстаз. Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету, салт-дәстүр мен ұлттық болмыстан ажырамау, ата-ана қадірі мен достық қарым-қатынасқа берік болу, кішіпейілділік пен бауырмалдық, жанашырлық сынды ізгі қасиеттерді бала бойына сіңіру де мұғалімнің міндеті. Қай заманда, қай ұлтта, қай дәуірде болмасын ұстаздық жол мен қызметке деген құрметтің орны бөлек. Бізді осынау ұлы жолда жетелеп, ұлағаттылық нәрін сепкен ұстаздардың еңбегін бағаламау мүмкін емес. Өмірлерінің басым бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнап, ел болашағын қалауда айтулы қызмет етіп келе жатқан мұғалімдерге шынайы алғыс білдіремін. Мақпал ӘДІЛХАНҚЫЗЫ, М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің оқушысы. Сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді ны жетілдіру, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдар қызметінде ашықтықты, транспаренттілікті және есептілікті қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы екі жылда қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада бірқатар елеулі өзгерістер мен жаңалықтар орын алды. Осы аспектіде парақорлыққа қарсы қызмет бірқатар заңнамалық новеллалардың бастамашысы болды. Осылайша, 2019 жылдан бастап қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін бірінші басшылардың отставкаға кету институты енгізілді. Өткен жылдан бастап ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Қауіпсіздігі барынша төмен колония - қоныстар деп аталатын қылмыстық-атқару меДәрігерлерге мың алғыс кемелерінде сыбайлас жемқорлықпен сотталғандар үшін жазаны өтеу мүмкіндігі алып тасталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға жаза күшейтілді. Мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттарына, судьяларға шетелдік банктерде шоттар ашуға және иеленуге тыйым салынды, пара берушілер мен делдалдардың парақорлыққа жауапкершілігі күшейтілді, мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беруге тыйым салынды, комплаенс-офицерлер институттары енгізілді. Осы заңнамалық нормаларды қабылдау жемқорлыққа қарсы іс-қимылға елеулі үлес болып табылады және осы аспектіде заң шегінен шығып кеткендерге кешенді түрде жақындауға мүмкіндік береді. М.МАҚАЖАНОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы.

0
0
232

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді - Yvision.kz