Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бəсекеге қабілеттілігін едəуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен əділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Сыбайлас жемқорлықтың ерекш е белгісі - лауазымды тұлға өз қызмет бабын, құқықтық мəртебесін жəне қызмет мүддесіне қайшы, əрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы əрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға жəне қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Біздің қоғамда мұндай əрекеттерге орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан əрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Əдеп кодексі талаптарының сақталуы жіті қадағалауда ұсталынып келеді. Елбасының Жарлығымен 2015- 2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретінде мемлекеттік қызмет саласында барлық талаптарының сақталынуында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында мамандар арасында кеңестер, түсіндіру шаралары өткізіліп тұрады. Айналасындағы салауатты, таза жəне сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз əрекеттермен қоғамдық ортаның жəне мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кəсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болысып, ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз жəне халық сенімінен шығатынымыз анық. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу - барлық азаматтардың қасиетті борышы. ҚР АШМ ВБ ж ҚК Кеген аудандық аумақтық инспекциясы.

0
0
144

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - Yvision.kz