Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлықты ауыздықтауға үлесімізді қосамыз

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жаңадан қанатын қағып келе жатқан мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді. Заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза әрі сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бүгінгі таңда жемқорлық заң бұзушылық дерек-фактілері болған жағдайда азаматтар құқық қорғау орындарына, сыбайлас жемқорлықпен күрес орталықтарына тегін callцентрлар арқылы хабарлай алатын мүмкіндіктер жасалды. Заң бойынша, жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске атсалысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Сондықтан барлығымыз өзіміздің өмір сүріп отырған ортамызды түрлі заңсыздықтар мен сыбайлас жемқорлықтан сақтауға тиіспіз. Дегенмен, жемқорлардың арбауына түсіп, адал асын алдына тосатын, заңнан гөрі шаруасын парамен шешкісі келіп тұратын азаматтар көп. Осындай жолдармен жемқорлыққа жол ашу қарапайым азаматтардың қоғамды кері тартып отырғанын көрсетеді. Мемлекеттің саннан сапаға, сөзден іске көшуіне тікелей жол ашатын ашықтық пен шынайылық болса, сол құндылықтарды жарыққа шығару арқылы жемқорлықтың тамырына балта шаба аламыз. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Анэль АМАНГЕЛДІ, Қапшағай қалалық қазынашылық басқармасының жетекші маман – жетекші қазынашысы

0
0
149

Осы тақырып бойынша

Жемқорлықты ауыздықтауға үлесімізді қосамыз - Yvision.kz