Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Жең ұшынан жалғасқан, қоғам дертiне айналған жемқорлық, басқасын айтпағанда, ұлт қауiпсiздiгiне тiкелей нұқсан келтiруде. Тiптi, мемлекеттiк басқарудың экономикалық, саяси, құқықтық жəне басқа да салаларына енiп, олардың тиiмдiлiгiнiң артуына зиян келтiруде. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мəселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат жəне қоғамдық бəсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Рес публикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс…