Парақорлықпен күрес – тұтас қоғамның ортақ жұмысы - Марат Ахметжанов
Парақорлықпен күрес – тұтас қоғамның ортақ жұмысы. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен V республикалық кәсіпкерлер форумында Антикор төрағасы Марат Ахметжанов айтты.
*****
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов ведомство құрылымының өзгеруіне қатысты түсініктеме берді. Антикор төрағасы заң бойынша агенттікке превенция, анықтау және тергеудің үш негізгі функциясы жүктелгенін атап өтті. «Біз осы үш блоктың өзара сапалы іс – қимылын қамтамасыз етуіміз керек», - деп атап өтті Марат Ахметжанов. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік жоспарлау және Мемлекеттік сатып алу порталдарын біріктіруді, сондай-ақ бюджеттік өтінімдерді жария орналастыруды ұсынды. Антикор басшысы жекелеген кең таралған және біртекті тауарлар үшін бірыңғай ерекшеліктер мен бағаларды белгілеу қажеттігін атап өтті.
*****
«Ірі нысандарды салу кезінде дамыған елдердегідей жобалық жоспарлауға көшу керек. Сондай-ақ бюджет қаражатын бөлуден бастап игеруге дейін сүйемелдеуді енгізген жөн. Мемлекеттік қаржымен жұмыс істегің келсе – ашықтыққа дайын бол», – деп атап өтті Антикор төрағасы Марат Ахметжанов. Оның айтуынша, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жоспарланып отырған Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар мен дотациялар беру саласындағы тәуекел аймақтарына талдау жүргізу керек. Бұл жақында қабылданған ауыл әкімдерін сайлау туралы Заңға байланысты», - деп атап өтті Антикор басшысы.
*****
Ауыл шаруашылығы бойынша қозғалған қылмыстық істердің 54 проценті субсидияларды заңсыз бөлумен байланысты. 5 жыл ішінде шаруаларға 1 трлн теңгеден астам жеңілдетілген несие берілсе, жартысынан көбі заңсыз жолмен рәсімделген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов мәлімдеді.
*****
«Мәселе шешкіш» лауазым иелері кәсіпкерлікке қатты кедергі келтіріп отыр, - дейді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров. «Көлік бақылау инспекциясында қылмыстық схемаларды әшкерелеу жалғасуда. Мысалы, Алматы облысында осы ведомство басшысының орынбасары Жантұров жүк автокөлігін кедергісіз өткізу үшін 50 мыңнан 240 мың теңгеге дейін заңсыз сыйақы алып келген. Сот шешімімен ол 99 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Оның айтуынша, кейбір лауазымды қызметкерлер кәсіпкерлік қызметке барынша кедергі келтіреді. «Мәселені шешемін» деген желеумен қамқорлыққа алған болып кәсіпкерлерден пара алады.
*****
Елордада Қорғаныс министрлігінің алқа отырысы өтті. Оған қорғаныс ведомствосының басшылығы, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қатысып, барлық гарнизондар бейнеконференц байланыс арқылы қосылды. Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы қарашадағы алқа отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асырудың аралық қорытындылары шығарылды. Отырыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі де қаралды. Қабылданған шаралардың арқасында өткен кезеңде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар санының төмендеуі байқалады. Жемқорлық жүйелі емес, оның бюджет қаражатын ауқымды қымқырумен де байланысы жоқ, бұл жемқорлық түрлері тұрмыстық, тұлғааралық сипатқа ие. Атап айтқанда, баяндамада қиын жағдайға тап болған әріптестеріне, оның ішінде балаларын емдеуге көмектесу үшін жалақы мен сыйлықақылардан ақша жинау жалғасуда. Бұл ниеттің жақсы ойдан туғанына қарамастан, аталған фактілерге жол беруге болмайды және ол заңсыз әрекеттер ретінде қудаланады. Осыған байланысты мұндай іс-шараларды жүзеге асырудың заңды тетігін пысықтау қажеттігі айтылды.
*****
Биылғы жылдың 5 айында ауыр түрдегі сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарлаған 3 елорда тұрғынына 612 570 теңге көлемінде сыйақы берілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаментіндегі превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Марат Хайруллин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сонымен қатар, басқарма басшысы сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылатынын жеткізді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады», - дейді ол. Сөз соңында, Antikor ortalyǵy-ның өкілі сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда, 1424 нөмірлі Call-орталығына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кезекші бөліміне 8 (7172) 72-62-22, 72-66-32 қоңырау шалуға болатындығын айтып өтті.
*****
Шымкентте өзін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқармасының басшысы ретінде таныстырып жүрген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттік видеоға қатысты түсінік берді. «Аталған азамат ешқашан Антикор қызметкері болған емес және қазір де қызмет атқармайды. Оның Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі (құжаттарды қолдан жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді агенттіктен.
