Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ТЕDх форматында "Zhansugurov college" студенттерімен кездесу өтті

Кездесуде спикерлер болған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев және Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, "Жетысу адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаев.

Кездесудің негізгі мақсаты студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту болып табылады, сондай-ақ елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге көтеретін, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігі түсіндірілді.

Іс-шара барысында Жандос Жұмабаев білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, өңір бойынша барлық жоғары оқу орындары мен колледждерде «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқаны жөнінде хабарлады. Сондай-ақ Агенттікпен сыбайлас жемқорлықты анықтау мақсатында, жоғары оқу орындарының студенттері арасында анонимді сауалнама әдісімен әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіліп қорытындысы жарияланғаны туралы мәлімдеді.

Кездесу Агенттіктің кешенді жоспары негізінде ұйымдастырылды. Кешенді жоспардың мақсаты қоғамда парасаттылық мәдениетті ілгерлету болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында видеороликтер мен слайдттар көрсетілді.

0
0
474

Осы тақырып бойынша

ТЕDх форматында "Zhansugurov college" студенттерімен кездесу өтті - Yvision.kz