Мазмұнға өту
anticorruptionAO

ANTIKOR Алматинская обл.

@anticorruptionAO

Сайтта 2021 ж. 19 сәуір

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

306

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Пікірсайыс турнирі өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ қазіргі жағдайда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен республикалық пікірсайыс турнирін өткізді.
Республикалық дебат турнирінің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастардың бойына адалдық, парасаттылық, сенім ұғымдарын дартыу.

Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен, 9 аймағынан келген жалпы 12 команда қатысты. Турнир АПФ (Американдық парламенттік формат) форматында өтті. Бұл формат турнирдің ең дәстүрлі форматы болып табылады және Қазақстандағы пікірсайыс қозғалысына қатысушылар арасында кең таралған.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев егер әр адамның адалдығы мен адамгершілік қасиеттері болса, бұл қоғамдағы жағымсыз оқиғалар мен сыбайлас жемқорлықты болдырмауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді: бірінші орынды Түркістан облысының өкілдері, екінші орынды Алматы қаласы, үшінші орынды Алматы облысының командасы иеленді.

Турнир жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен және кубокпен марапатталды.

0
0
307

Адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға қосқан үлестері үшін студенттер марапатталды

Бүгін, халықаралық студенттер күніне орай, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінде «Студенттік қызық мол жылдар» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев қатысты.

Жыл бойы іс-шараларға белсене қатысқан студенттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуына және қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға қосқан үлестері үшін білімгерлерді арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

0
0
391

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті

Бүгін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашевтың және Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың қатысуымен Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандарымен, оның өмірдің түрлі салаларындағы ерекшеліктерімен, осы құбылыстың себептері мен зиянды салдарымен танысты.

Отырыс барысында Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланды.

Қатысушыларға Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің 2020-2021 жылдар кезеңінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы мәліметтер жеткізілді.

Мәселен, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 2020-2021 жылдар кезеңінде осы ведомство қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері бойынша 50 - ден астам азаматтардан өтініш келіп түсті (2020-20, 2021-32), 20 қылмыс тіркелді (2020 – 11, 2021 - 9), қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар саны-15 лауазымды тұлға                        (2020 - 7, 2021 - 8).

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ҚР ҚІЖК 200-б.тәртібінде Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою бойынша енгізген ұсынымы қаралды.

0
0
304

Алматы облысында жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында кездесу өтті

Бүгін Журналистер үйі алаңында «JETISU – CREATIV DAYS» шығармашылық фестивалінің спикерлер пулының қатысуымен Қоғам қайраткері «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының құрметті азаматы, Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдаулетовтың және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың, Қазақстандық танымал кинорежиссер, сценарист, продюсер Алишер Утевтың, Қазақстандық кино және театр актері, театр режиссері Рустем Жаныамановтың қатысуымен мемлекеттік қызметкерлермен, қоғам қайраткерлерімен және журналистермен кездесу өткізілді.

Кездесу "Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында ашық және сенімді әңгіме өтті, қатысушылар сыбайлас жемқорлықты жою тақырыбын және оның пайда болу себептерін талқылады.

Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша адал еңбек жолымен нәтижелерге қол жеткізген қайраткерлер мен ардагерлердің мемлекеттік қызметшілері мысалында адал еңбек ұстанымдарын қалыптастырудың одан әрі жоспары әзірленді.

Сонымен қатар, кездесу барысында жемқорлықпен күрес жайында видеороликтер көрсетіліп, жемқорлыққа жол бермеу туралы спикерлеріміздің баяндамалары тыңдалды және жиынға қатысқан әр азаматтың ойын өзгертетін, адалдықпен әдептілікке шақыратын әңгімелер айтылды., сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

0
0
241

Жандос Жұмабаев: Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Бүгін Журналистер үйі алаңында «JETISU – CREATIV DAYS» шығармашылық фестивалінің спикерлер пулының қатысуымен Қоғам қайраткері «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының құрметті азаматы, Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдаулетовтың және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың, Қазақстандық танымал кинорежиссер, сценарист, продюсер Алишер Утевтың, Қазақстандық кино және театр актері, театр режиссері Рустем Жаныамановтың қатысуымен мемлекеттік қызметкерлермен, қоғам қайраткерлерімен және журналистермен кездесу өткізілді.

Кездесу "Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында ашық және сенімді әңгіме өтті, қатысушылар сыбайлас жемқорлықты жою тақырыбын және оның пайда болу себептерін талқылады.

Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша адал еңбек жолымен нәтижелерге қол жеткізген қайраткерлер мен ардагерлердің мемлекеттік қызметшілері мысалында адал еңбек ұстанымдарын қалыптастырудың одан әрі жоспары әзірленді.

Сонымен қатар, кездесу барысында жемқорлықпен күрес жайында видеороликтер көрсетіліп, жемқорлыққа жол бермеу туралы спикерлеріміздің баяндамалары тыңдалды және жиынға қатысқан әр азаматтың ойын өзгертетін, адалдықпен әдептілікке шақыратын әңгімелер айтылды., сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

0
0
278

Алматы облысының Антикоры мен Жетісу университеті арасында ынтымастық туралы меморандумға қол қойды

2021 жылдың 3 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен І. Жансүгіров атындағы «Жетісу университеті» КЕ АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы үлгілік жоспарға қол қою іс-шарасы өтті.

Қойылған құжаттың мақсаты екі тарап бірлесіп университет білімгерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, экономикалық –құқықтық сауаттылығын арттыру болу табылады.

Іс-шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Әбсейітұлы Мақажанов өзінің баяндамасын тарқатып айтты. Баяндама барысында облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, жастар арасында жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру маңыздылығын айтып өтті.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы реформалау шеңберінде мемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыратын және корпоративтік адалдық стандарттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға жауапты "комплаенс-офицерлер" жаңа лауазымдары енгізілуде екендігінін және бүгінде облыстың 200-ден астам мемлекеттік ұйымдарында осы лауазымдар енгізілген екендігін хабарлады.

Университет білімгерлері атынан «Sanaly student» студенттік ұйымның жетекшісі, Жастар орталығының үйлестірушісі Мұрат Шұғыла Асхатқызы студенттер атынан сөйледі.

Іс-шараға университет басшылығы, құрылымдық бөлім басшылары, белсенді білімгерлер қатысты.

0
0
365

Сот отырысының онлайн-көрсетілім отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету бойынша 2021 жылға арналған кешенді жоспарның» 2.3 тармағы  орындау мақсатында «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-ің мемлекеттік қызметшілерге сот отырысының онлайн -трансляциясы жүргізілді, онда олардың бұрынғы әріптестері, мемлекеттік қызметші аз. «Н» және «М» үкімдері жарияланды, олар пара алу кезінде көрсетілген ҚР ҚК 366 -бабының 3 -бөлігінің 3 -тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылды .

Бұл бағыттағы жұмыстар ерекше бақылауда және жүйелі түрде жалғасын табады.

0
0
343

Алматы облысының Антикор басшысы «Саналы ұрпақ» ерікті студенттер клубы жеңімпаздарын марапаттады

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, құқықтық сананы қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы алынған ақпаратты дұрыс қабылдай білуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 27 қазанында облыстық «Саналы ұрпақ» ерікті клубының слеты өткізілді.

Жемқорлыққа қарсы тұру – Қазақстан саясатындағы аса маңызды стратегиялық басымдықтың бірі әрі бірегейі. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың үлкен орын алатындығы айтпаса да түсінікті. Осыған орай студенттер мен педагогтерге жауапты міндет жүктеледі. Алматы облысындағы білім беру кеңістігінде жасөспірімдердің мінез-құлқында жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру мақсатты әрі жүйелі түрде жүргізіледі. Осы бағыттағы жұмыстарда «Саналы ұрпақ» ерікті клубтарының орны ерекше.

Осы орайда, жыл бойы клубтардың атқарған іс-шаралардың қорытындысы бойынша, барлық клубтардың жұмыстары бағаланып, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің алаңында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен облыстық «Саналы ұрпақ» студенттік клубтары слетінің марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов, Алматы облыстық білім басқарма басшысының міндетін атқарушы Гүлсара Исағұлова, клубтардың өкілдері, студенттер қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Бас жүлде иегері – Сарқан политехникалық колледжі;

І орын иегері - Талдықорған сервис және технология колледжі;

І І орын иегері – Талдықорған жоғары политехникалық колледжі;

І І І орын иегері – Қапал кәсіптік – техникалық колледжі;

«Үздік антикоррупциялық бейнеролик» номинациясы бойынша Талдықорған агро-техникалық колледжі;

«Үздік акция және флешмоб» номинациясы бойынша Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі;

«Үздік тематикалық іс-шара» номинациясы бойынша С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі.

Жоғарыда көрсетілген жеңімпаздар, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті нығайту жөніндегі бастамалар мен  жемқорлыққа қарсы шараларға белсене қатысқан клубтар номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды.

Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы жемқолықпен күрестің қоғамға ортақ іс екендігін, сонымен бірге әр азаматтың борышы болып саналатындығын жете түсінуге тиісті. Сондықтан да студенттерді отансүйгіштікке, қоршаған орта мен салт-дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке құлшынысқа, тәртіптілік пен адалдыққа баулу керек. Білім мен тәрбие адам бойында жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуының негізі болып саналады. Жемқорлыққа қарсылық білім берудің барлық сатысында жүргізілуге тиісті және мемлекеттік білім стандарттары аясында, жалпы білім беру бағдарламаларына негізделген, қоғам мен мемлекеттің, жеке тұлғаның мүдделеріне ыңғайластырылған білім беру мен тәрбиелеудің мақсатты үдерісі ретінде ел игілігіне қызмет етуге міндетті.

«Саналы ұрпақ» ерікті клубтарын осы тұрғыда студенттер бойында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыратын, құқықтық сана мен мәдениеттің деңгейін арттыратын ерікті бірлестік ретінде қабылдауға болады. Бұл қозғалыс жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, құқықтық білімді де кеңінен насихаттайды.

0
0
474

Глава Антикора Алматинской области наградил студентов добровольного клуба «Саналы ұрпақ»

В рамках проекта «Саналы ұрпақ» разработан антикоррупционный план на 2021-2022 учебный год, на основе которого проводится комплексная работа в колледжах. В62 колледжах области были созданы студенческие клубы «Саналы ұрпақ».

Сегодня на площадке Талдыкорганского высшего политехнического колледжа состоялась церемония награждения областного слета студенческих клубов «Саналы ұрпақ» среди организаций технического и профессионального образования. В слете приняли участие руководитель департамента Агентства РК по противодействию коррупции по Алматинской области Макажанов Ернар, исполняющий обязанности руководителя управления образования Исагулова Гулсара, представители добровольных клубов и студенты области.

По итогам конкурса определились победители:

Гран при - Саркандский политехнический колледж;

І место - Талдыкорганский колледж сервиса и технологий;

І І место - Талдыкорганский высший политехнический колледж;

І І І место - Капальский профессионально-технический колледж;

В номинации «Лучший антикоррупционный видеоролик» победил Талдыкорганский агро-технический колледж;

В номинации «Лучший флешмоб и акция» победил Узынагашский профессиональный колледж им.Жамбыла

В номинации «Лучшее тематическое мероприятие» победил Каскеленский профессионально-технический колледж.

Вышеупомянутые колледжи были награждены ценными призами и грамотами.

Каждый казахстанец, каждая семья должны понимать, что борьба с коррупцией - общее дело общества, а также долг каждого гражданина. Именно поэтому необходимо с малых лет прививать патриотизм, уважение к окружающей среде и традициям, рвение к учебе и работе, дисциплину и честность. Образование и воспитание - основа формирования антикоррупционной культуры.

Противодействие коррупции должно осуществляться на всех уровнях образования и должно служить интересам страны как целенаправленный процесс обучения и воспитания в рамках государственных образовательных стандартов, основанный на общеобразовательных программах, адаптированный к интересам общества. В этом контексте добровольные студенческие клубы «Саналы ұрпақ» можно рассматривать как добровольную ассоциацию, которая формирует антикоррупционные отношения среди учащихся и повышает уровень правовой осведомленности и культуры. Это движение не только создает антикоррупционную культуру, но и способствует юридическому просвещению.

0
0
501

Пул спикеров Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің өкілдерімен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа "нөлдік төзімділікті" қалыптастыру үшін үнемі мақсатты идеологиялық жұмыс жүргізілу үстінде, осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, облыстық қоғамдық кеңесінің төрайымы Римма Салықова, превенция басқармасының басшысы Асқар Садықов Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің өкілдерімен кездесті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жыл басынан бергі атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ, кездесу барысында Жандос Жұмабаев департаменттің 9 ай бойы атқарған жұмысы жөнінде таныстырып өтті.

Жиын кезінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде 1424 Сall-орталық жұмыс істейтіндігін, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылатындығы жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу барысында жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай,  сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтіндігі, әрбір қоғам дамуының күнгей жағы мен көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге көтеретін, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылатындығы түсіндірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында видеоролик көрсетілді.

0
0
403