Алматы облысы: Комплаенс институтын енгізу жалғасын табуда

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді айқындауға тиіс.
Осыған байланысты, сондай-ақ корпоративтік секторға комплаенс-қызметтерді енгізу мәселелерін жылдамдату мақсатында ағымдағы жылдың 08 ақпанында облыстың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары – Жұмабаев Жандос комплаенс институтын енгізуді жобалық басқару бойынша іске асыру қажет екенін атап өтті (ҮББ 4).
Кері байланыс барысында кездесуге қатысушыларға барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
