Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы
2016 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы- Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Жапақовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.
«Целиноград ауданының білім бөлімі» ММ-нің басшысы Қ.Е. Ахметовке, бөлімнің бас мамандары Т.Н. Алексеева мен Г.С. Усеноваға қатысты тәртіптік істер қаралды, олар Целиноград ауданының мектептерінде оқушыларға тамақ ұйымдастыру бойынша қызмет жеткізушіні таңдау үшін конкурс өткізу кезінде кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кәсіпкерлік субъектілеріне «Медеу» ЖК және «Утопергенова С.С.» ЖК құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшалардың талаптарын бұзды. Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес Қ.Е. Ахметовты, Т.Н. Алексееваны мен Г.С. Усенованы «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.
«Целиноград ауданының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің басшысы М.Б. Жаңабергеновке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетіп, жеке меншігінде тұрғын үйлері бар тұлғаларға тұрғын үйді алу үшін есепке тұрған кезінде мүдделерін қолдап, азаматтардың конституциялық құқықтарын, тұрғын үйді жекешелендіру тәртібін сақтамай, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) және 11) тармақшалардың талаптарын бұзды. Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес М.Б. Жаңабергеновті «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы Ю.Г. Трофимовқа қатысты тәртіптік іс қаралды, ол «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшаның талаптарын бұзып, шарттық міндеттемелердің орындалуына бақылау жасамай, кәсіпкерлік субъектілеріне ақша аудару арқылы бюджеттік қаражатын игеруге негіз беретін (тиісті актілерде көрсетілген жұмыстардың жеке түрлеріне қол қою сәтіне орындалмаған) құжаттарға уақыттан бұрын қолын қойған. Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес Ю.Г. Трофимовты «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.
