Көкшетауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық кәсіпкерлер форумы өтті
2016 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық кәсіпкерлер форумын өткізді.
Форумның мақсаттары мен міндеттері бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, кәсіпкерлік субъектілерді әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған қызметке кеңінен тартуға бағытталған.
Осы іс-шараның шеңберінде форумға қатысушылардың баяндамалары тындалып, кәсіпкерлердің қызметі барысында кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды. Мұндай қиындықтар аз еместігін, олардың әсіресе аудандағы бизнес-субъектілерде көптеп шоғырланғанын атап өткен жөн.
Іс-шараның модераторы – Департамент басшысы Қ. Жапақов Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына бақылау саласында уәкілетті орган ретінде басты міндеттерінің бірі болып кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары В. Геращенко Ақмола облысындағы шағын және орта бизнестің өзекті проблемалары, әкімшілік кедергілердің азайтылуы туралы айтты.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерге мемлекеттік қызмет көрсетудің ахуалымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ақмола облысы бойынша филиалы – «ХҚКО»департаменті директорының орынбасары Б. Беккужинов таныстырды.
Форумның жұмысына Ақмола облысының өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлері және жетістікке қолдары жеткен кәсіпкерлер, барлығы 60 адам қатысты.
