Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы тиімділігінің критерийлері мен көрсеткіштері» облыстық семинары өтті.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарының деңгейін арттыру, «Мәңгілік Ел»  жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани- адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайту мақсатында 2016 жылғы 27 мамыр күні Красный Яр а., №3 агротехникалық колледжінде  директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы тиімділігінің критерийлері мен көрсеткіштері»тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинарға  құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,мемлекеттік қызметшілер, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, тәрбиешілер қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы                                  А. Амангелдина баяндама оқыды.  Баяндамашы ТжКБ ұйымдарының тәрбие жұмысы жоспарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тақырыптарды қосудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы мәдениетті қалыптастыру және барлық құқық бұзушылық түрлеріне  «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудың маңыздылығын айтты, сондай-ақ, жиналғандардың назарын оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруге   аударды. Баяндаманың соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.

Қорытындылай келе, ТжКББұйымдарындағы тәрбие жұмысы тиімділігінің  критерийлері әзірленді, тәрбие жұмысын ұйымдастыру  және жүргізу жөнінде жағымды тәжірибе таратылды.

 

0
0
459

Осы тақырып бойынша