Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Жасотандықтар жемқорлыққа қарсы

А.ж. 24 қазанда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде Жақсы ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы флешмоб өтті.

Іс-шараны «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.

Шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру аясында  жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстыру.

Би флешмобына шамамен 60 шақты адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
223

Мемлекет пен кәсіпкерліктің әріптестігі

А.ж. 21 қазанда «Адал  жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде Жақсы ауданының әкімдігінде «Шенеунік және кәсіпкер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Жақсы ауданының кәсіпкерлері қатысты және сыбайлас жемқорлық мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларының куәгері болған жағдайда хабарласу үшін аудан кәсіпкерлерінің назарына сенім телефонының нөмірі жеткізілді.

Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық  реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық  құқықтық нормалары тек құқықтық қатынасты дұрыстау ғана емес, сонымен қатар, кәсіпкерлік саласында туындайтын мәселелерді, соның ішінде       кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін   жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірқатар нормаларды қамтиды.

Іс-шараға 17 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
520

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

А.ж. 21 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспардың шеңберінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында, «Актуальная тема» телехабарында жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері жөнінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» тақырыбындағы тікелей эфир ұйымдастырды. Хабарға Ақмола облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары Н. Шерьязданов пен Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары С. Киласьев қатысты. Сұхбат барысында облы…

0
0
330

Бірлесіп көтерген жүк жеңіл

А.ж. 21 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық кәсіпкерлер форумын өткізді.

0
0
251

Бірлесіп көтерген жүк жеңіл

А.ж. 21 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық кәсіпкерлер форумын өткізді. Форумның мақсаттары мен міндеттері бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, кәсіпкерлік субъектілерді әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған қызметке кеңінен тартуға бағытталған. Осы іс-шараның шеңберінде форумға қатысушылардың баяндамалары тындалып, кәсіпкерлердің қызметі барысында кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды. Мұндай қиындықтар аз еместігін, олар…

0
0
483

«Адал халық–адал мемлекет» тақырыбындағы дөңгелек үстел

А.ж.18 қазанда Жақсы ауданының Белағаш ауылдық округінде «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде «Адал халық–адал мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ауылдың әкімі А. Сыздықова іс-шараны ашты және жүргізді. Іс-шара барысында «Жақсы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы М. Жекебатырова сөз сөйледі.

Баяндамашылар  «Адал жол – Честный путь» облыстық марафонының мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімеледі, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудың қажеттілігіне жиналғандардың   назарын аударды.

Департамент госслужбы

0
0
445

Тағы да мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары жайында

А.ж. 18 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспардың шеңберінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында, «Актуальная тема» телехабарында білім және әділет салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері жөнінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары туралы» тақырыбындағы тікелей эфир ұйымдастырды. Хабарға Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В. Гамазов пен Ақмола облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Г. Акимова қатысты. Сұхбат барысында облыс тұрғындарын көрсетілетін қызметтер сапасының негізгі көрсеткіштері туралы хабардар ету, мемлекет…

0
0
207

Қоғамдық қабылдаудың ІІІ тоқсандағы жұмысының қорытындылары

А.ж. 14 қазанда «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында «Қоғамдық қабылдаудың ІІІ тоқсандағы жұмысының қорытындылары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Қ. Жапақов, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, облыс әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры Ә. Баймағамбетов, мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ өкілдері, жастар қоғамдық бірлестіктері қатысты.

0
0
182

Құқық қорғау қызметін бағалаудың басты критерийі – халықтың сенімі

А.ж. 14 қазанда Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасында жергілікті полиция қызметімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тетіктері туралы» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлық мәдениетін және және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру. Кездесу барысында М. Ахметқалиев: «Тек сыбайлас жемқорлықтан бойын аулақ ұстайтын құқық қорғау органдары азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға қабілетті», – деп өз ойымен бөлісті, ал, А. Жаналинов сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екенін атап өтті. Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысты. Кездесу соңында Депар…

0
0
846