«Адал халық–адал мемлекет» тақырыбындағы дөңгелек үстел
А.ж.18 қазанда Жақсы ауданының Белағаш ауылдық округінде «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде «Адал халық–адал мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ауылдың әкімі А. Сыздықова іс-шараны ашты және жүргізді. Іс-шара барысында «Жақсы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы М. Жекебатырова сөз сөйледі.
Баяндамашылар «Адал жол – Честный путь» облыстық марафонының мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімеледі, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудың қажеттілігіне жиналғандардың назарын аударды.

