Тағы да мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары жайында
А.ж. 18 қазанда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспардың шеңберінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында, «Актуальная тема» телехабарында білім және әділет салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері жөнінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары туралы» тақырыбындағы тікелей эфир ұйымдастырды.
Хабарға Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В. Гамазов пен Ақмола облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Г. Акимова қатысты. Сұхбат барысында облыс тұрғындарын көрсетілетін қызметтер сапасының негізгі көрсеткіштері туралы хабардар ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары туралы және оның сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ету шараларына байланысы тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы азаматтардың хабардар болуын арттыру мәселелері талқыланды.
