Қоғамдық қабылдаудың ІІІ тоқсандағы жұмысының қорытындылары
А.ж. 14 қазанда «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында «Қоғамдық қабылдаудың ІІІ тоқсандағы жұмысының қорытындылары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Қ. Жапақов, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, облыс әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры Ә. Баймағамбетов, мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ өкілдері, жастар қоғамдық бірлестіктері қатысты.
