Мемлекеттік қызмет саласындағы заңның сақталуы
А.ж. 2 қарашада «Адал жол-Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының жаңартылуы туралы түсіндіру жұмыстары өтті.
Мемлекеттік - құқық қызметі бөлімінің жетекшісі – Н. Рахимов заңға енгізілген жаңартулар туралы ақпарат берді. Өз сөзінде Н.Рахимов сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керектігі жайлы тоқталып өтті. Қызметкерлерді басқару қызметінің жетекшісі М. Омарова қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ақпараттық буклеттер таратты. Дәріске қатысушылар – Атбасар ауданының мемлекеттік қызметкерлері.


